Қостанай облысында орналасқан «Қара бүркіт» колониясының жанында құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады.
Өртті қызметкерлер байқап қалып, сөндіруге кіріскен. Төрт сағатта өрт толық сөндірілді.Өрт сөндірушілер колонияның жеке құрамын батыл және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді. «Қара бүркіт» – (ресми атауы – УК-161/3 мекемесі) Қостанай облысындағы абақты, Жетіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Абақтыда аса ауыр қылмыс жасап, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.«Жалын азық-түлік қоймасына қарай өтіп кетпес үшін мекеме басшылығы ТЖД қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Кезекші ауысымдағы барлық күшті жұмылдырдық», – деді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Асхат Баламбаев.
Біз бұған дейін Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» түрмесінің бастығы парамен ұсталғанын жазған болатынбыз.