Күзетшіні ұрып-соғып, 7 миллион теңгені алып кеткен күдіктілер ұсталды
Күзетшіні ұрып-соғып, 7 миллион теңгені алып кеткен күдіктілер ұсталды
Фото: news.myseldon.com
270
оқылды

Сол күні сағат 17:00-де төрт адам Ақтөбеде «Жайсаңда» орналасқан үйге баса-көктеп кірген. Олар қару қолданып, серіктестіктің күзетшілерін ұрып-соққан.

Ақша толы сөмкені күштеп тартып алып кетті. Сөмкеде 7 миллион теңге ақша болған.

«Полицейлер екі күдіктіні бірден ұстады. Екеуі осы уақытқа дейін қашып жүрді. Оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды. Жуырда полицейлер Ақтөбе қаласында іздеу жүргізіп, қалған екеуін тапты. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр», – деді полицейлер.

Тергеу жүргізіліп жатыр.