ҚазҰУ-да екпе алғандар Ыстықкөлге тегін барып қайтты
ҚазҰУ-да екпе алғандар Ыстықкөлге тегін барып қайтты
274
оқылды

Қазіргі сәтте Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамының 50 пайызы (1142), қызметкерлердің 44 пайызы (843), ал студенттердің 22 пайызы (4001) екпе алды.

ЖОО-дағы студенттер арасында коронавирусқа қарсы вакцина алу акциясы аясында 100 студентке жатақханаға орналасу үшін 50 пайыз жеңілдік берілді. Оқытушы-профессорлар құрамы мен қосалқы қызметкерлерге әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік көмек көрсетіліп, жатақханадан орын берілді.

Екпе алушылардың барлығына, оның ішінде 4001 студентке имидждік өнімдер, спорттық костюмдер, кітаптар таратылды. 40-қа жуық оқытушы-қызметкерлер мен студенттерден құралған алғашқы топ тегін жолдама алып, Ыстықкөл жағалауындағы спорттық-сауықтыру лагеріне барып қайтты.

Ыстықкөл ҚазҰУ Екпе алушылар үш күн бойы суға шомылып, таза ауада серуендеді. Жастар түрлі ойындар ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салды. Ал ұстаздар қауымы көшбасшылық қасиеттерді дамыту, уақытты тиімді пайдалану тақырыптарында семинар-тренингтер өткізіп, тұлғалық дамудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. ҚазҰУ-да қыркүйек айында 1-15 шілде аралығында екпе алған оқытушылар мен білім алушыларға университет асханасына бір айға талон беріліп, қосымша қоғамдық көлікте жүру ақысы төленеді. Сондай-ақ тіл үйрену курстарына сертификат ұсынылады. Жақын күндері екінші топ Ыстықкөлге демалысқа аттанады.