Токио Олимпиадасында су добынан іріктеу кезеңі аяқталуға жақын. Қазақстан командасы кезекті рет жеңіліске ұшырады, – деп жазады Olympic.kz.
Бүгін Александр Шведов шәкірттері Австралияға қарсы ойнаған болатын.
Кездесуде қазақстандықтар 7:15 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетелік, бұған дейін отандық ватерполшылар Испания, Сербия, Черногория және Хорватия командаларына жол берді.
ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК