«Бішкекке барлығын ашық айту үшін келдім» – Асқар Ақаев
«Бішкекке барлығын ашық айту үшін келдім» – Асқар Ақаев
Фото: 24.kg
324
оқылды

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев: «Мені бұл жерде құшақ жая қарсы алды. Әрине, сұрақтар қойылды. Бүгін алғашқы тергеу болды. «Кумтөрді» қалай және не үшін салғанымызды, қандай қателіктер жасағанымызды жасырмай, барлығын ашық айту үшін келдім», – деді.

Мәселе 1992 жылы канадалық «Камеко» компаниясымен жасалған келісімшарты туралы болып отыр. Ол ешқандай байқауға қатыспастан «Кумтөр» ірі алтын кен орнын игеру құқығына ие болған еді.

Құқық қорғау органдары «бұл келісім Қырғызстан үшін тиімсіз болды» деп есептейді.