Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.
«Кеше сағат 20.37-де полицияға Иманбаева көшесі бойындағы тұрғын үйдің 8-қабаттағы терезесінен 4 жасар бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бала ата-анасымен бірге пәтерде болған. Ол ойнап жүріп, терезедегі торға ауып, құлап кеткен. Әкесі оқиғаны көре тұра ештеңе істей алмаған. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды», – деді полицей.
Биыл осы уақытқа дейін астанада 25 бала терезеден құлап, оның 3-еуі көз жұмды.