Бірақ тағы екі адам келіп инспекторларға мылтықтан оқ атып, қарақұйрық ұшасын тартып алып кеткен.
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Браконьерлердің жолын кесу үшін рейд барысында «Охотзоопром» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инспекторлары Жалағаш ауданы Төгіскен маңайында Шардара ауданының тұрғынын ұстады.«Тексергенде ұсталған адамның көлігінен Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың ұшасы табылды. Күдікті ұсталған жерге жедел тергеу тобы шақырылды. Инспекторлар полицейлерді күтіп тұрғанда Қызылорда қаласының екі тұрғыны оқиға орнына келіп, инспекторлардың қызметтік көліктерінің бірінің дөңгелегіне мылтықтан оқ атқан. Содан кейін инспекторларға қауіп төндіріп, қарақұйрық ұшасын алып кеткен» делінген хабарламада.
Көп ұзамай, инспекторлар мен полицейлер оқ атқан браконьерлерді де ұстады. Жалағаш аудандық полиция бөлімшесінде қамауға алынды.