Синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: 24.kz
«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда облысында күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с құрайды. Сондай-ақ, шаңды дауыл, 42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында шаңды дауыл, 15 м/с екпіндегі жел, 41 градус қатты ыстық болжанады. Алматы облысында күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болады. Талдықорган қаласында күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с құрайды. Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Солтүстіктен жел соғады, күші – 15-20 м/с. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі болады. Жезқазған қаласында 35 градус қатты ыстық сақталады. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 18 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болжанады. Күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі болады. Тараз қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 38 градусқа дейін қатты ыстық болжанады. Күндіз 4-5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.