Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, ақ тілегін арнаған көпшілікке алғыс білдірді.
«Бір кездері арман болған...»: Наркенже Серікбаева Астанадан үй алды
230
оқылды

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева елордадан баспана алып, қоныс тойын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, ақ тілегін арнаған көпшілікке алғыс білдірді.

– Астанадан баспана алдым! Әуелі Алла, сосын тілеулес қазағымның арқасында Астанадан үй алдым. Қандай жетістікке жетсем де марқұм анамның дұғасы, елдің тілегі деп білемін. Толассыз кеп жатқан құттықтау хаттарыңызға рахмет! Бәріңізге осындай қуаныш нәсіп болсын! Шымкенттен келіп менің қуанышымды бөліскен ағаларыма, әпкелеріме, достарыма, інілеріме, сіңлілеріме алғысымды білдіремін! Жаныма жақсы адамдарды жіберген Жаратқаныма шүкір! Бір кездері арман болған дүниелерге бұл күндері қол жеткізудемін! Аллаға сансыз шүкір! Аман болыңыздар, қара орман қазағым! – деп жазды әнші.