Токиодағы Олимпиада ойындарында спорттық құзға өрмелеуден іріктеу турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған спорт түрінде Қазақстан намысын Ришат Хайбуллин қорғаған болатын. Іріктеуге қатысушылар жылдамдық, қиындық және боулдеринг бойынша сынға түсті.
Ришат жылдамдық бойынша төртінші орын алса, боулдерингте 17-ші, қиындық бойынша 13-ші орын алды.
Қорытынды есепте Ришат Хайбуллин 11-ші сатыға тұрақтап, финалға өте алған жоқ. Ақтық сында сегіз спортшы бақ сынайды.