Токио Олимпиадасы: Ришат Хайбуллин финалға шыға алмады
Токио Олимпиадасы: Ришат Хайбуллин финалға шыға алмады
Фото: meta-ratings.kz
131
оқылды
Токиодағы Олимпиада ойындарында спорттық құзға өрмелеуден іріктеу турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Olympic.kz.  Аталған спорт түрінде Қазақстан намысын Ришат Хайбуллин қорғаған болатын. Іріктеуге қатысушылар жылдамдық, қиындық және боулдеринг бойынша сынға түсті. Ришат жылдамдық бойынша төртінші орын алса, боулдерингте 17-ші, қиындық бойынша 13-ші орын алды.   Қорытынды есепте Ришат Хайбуллин 11-ші сатыға тұрақтап, финалға өте алған жоқ. Ақтық сында сегіз спортшы бақ сынайды.