Боксшы Сәкен Бибосынов (52 кг) турнирдің жартылай финалына өтті және ол сатыда жеңілген жағдайда да қола жүлдегер атанады, – деп жазады Sports.kz.
Әзірге Қазақстанның қанжығасында бұрынғыша үш медаль бар. Барлығы «қола». Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер – Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алды.
Ойындардың 11-інші жарыс күнінен кейін Қазақстан медальдар саны бойынша 75-орында тұр.
Қытай (32-21-16) көш алдында, екінші орында – АҚШ (24-27-21), үшінші орында – Жапония (19-6-11).
1. Қытай — 32-21-16.
2. АҚШ — 24-28-21.
3. Жапония — 19-6-11.
4. Австралия — 14-4-15.
5. Ресей — 13-21-18.
6. Ұлыбритания — 13-17-13.
7. Германия — 8-8-14.
8. Франция — 6-10-8.
9. Нидерланды — 6-7-7.
10. Оңтүстік Корея — 6-4-9.
75. Қазақстан — 0-0-3.