Қазақстан боксшысы қатысқан жекпе-жектегі төрешілердің әділетсіз шешімі Ресейде наразылық туғызды
Қазақстан боксшысы қатысқан жекпе-жектегі төрешілердің әділетсіз шешімі Ресейде наразылық туғызды
Фото: sports.kz
235
оқылды
Ресейлік «Лаборатория бокса» YouTube-арнасы Токио Олимпиадасының ширек финалында қазақстандық Зәкір Сафиуллин мен аустралиялық боксшы Гарри Гарсайд (63 кг) жекпе-жегіндегі төрешілер шешіміне наразы, – деп хабарлайды Sports.kz.
— Қатты ашуланып тұрмын! Қалайша жеңісті аустралиялыққа берді, таңғалып тұрмын! Менің ойымша, ол барлық үш раундта жеңілді — бірінші, екінші және үшінші! Оның нәтижесі өте төмен болды. Неліктен үш раундта да Сафиуллин басым түсті дейсіз ғой? Соққысының сапасымен. Аустралиялықтың соққысы өте әлсіз... Шын мәнінде, оныкі соққы да емес, жылдам итеру ғана. Зәкір ақырын ұрады, қолдары зымыран сияқты ұшады. Үшінші раундта Сафиуллин қаншама таза соққы жасады, ол тіпті ойнай бастаған еді, – деді арна авторы.