Жамбыл облысы әкімінің орынбасары неден қайтыс болғаны белгілі болды
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары неден қайтыс болғаны белгілі болды
© Жамбыл облысы әкімдігі
141
оқылды
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды. Мәліметті аймақ әкімдігінің өкілдері растады.
«Ұлан Жазылбек тыныс алу жетіспеушілігінен көз жұмды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Кейінірек оның ұзақ уақыт ауруханада жатқаны белгілі болды. Шенеунік 58 жаста болатын. Әр жылдары «Қорғас» кешенінде, Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.