"Бапкері әлсіз": Олимпиада чемпионы Қамшыбек Қоңқабаевтың жеңілісі туралы айтты
"Бапкері әлсіз": Олимпиада чемпионы Қамшыбек Қоңқабаевтың жеңілісі туралы айтты
Фото: tengrinews
176
оқылды
Бокстан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Lifesport KZ YouTube-арнасына берген сұхбатында Токио Олимпиадаcының жартылай финалындағы америкалық Ричард Торрес пен қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі туралы айтты, – деп хабарлайды Sports.kz. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны нокдаунға түсіп, 2020 жылғы Олимпиада финалына шыға алмаған еді.
«Біз Қоңқабаев олимпиада турнирінің финалына шығады деп күткен едік, бірақ біз қауіптенген нәрсе болды. Жеке өзімде қауіп болды. Торрес әр жекпе-жекте басымдылығын үдете түскенін көрдім. Бұл байқалып тұрды. Ал Қамшыбек көп қателік жіберді. Оның бокс мектебі ақсап тұрғанын көруге болады. Алдыңғы қолы бастың жанында емес, үнемі төмен түсіп жүрді. Қателігі осында. Алдыңғы қол арқылы Торрестің барлық соққысын жіберіп алды. Содан кейін, нокдаунды да алдыңғы қолдан жіберді. Жаттықтырушылар штабы бұл туралы айтты ма, жоқ па білмеймін, бірақ олар қорытынды жасаған жоқ. Тағы бір ұнамағаны, бірінші раундта шыққан бойда қозғала бастады, ұпай жинау керек болған кезде. Мен мұны түсіне алмадым. Оның артықшылығы бойында ғой. Жекпе-жекті бұрыс жолмен жұдырықтасудан бастады. Қарсыласты өзіне таңу керек еді, ал ол одан қашып жүгіре бастады. Тағы бір нәрсе: ол үнемі соққысыз қозғалыста болды. Бұл дұрыс емес және қауіпті — мұның бәрі әсер етті. Әрине, шынын айту керек, Қамшыбектің бапкері  әлсіз. Бокс мектебі жоқ. Ешқандай қорытынды жасамайды. Проблема көп, қате көп», – дейді Сәрсекбаев.