ДДСҰ басшысының айтуынша, Олимпиада спортшыларын, инвесторлар, бизнес көшбасшыларын, тіпті әрбір адамды қыркүйек айының соңына дейін қайта вакцина алуға мораторий енгізу керек. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.
Себебі, ДДСҰ-ның мәліметінше, әлемде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруда бай мен кедей елдердің арасында теңсіздік пайда болды. Кедей елдерде вакцина алғандар саны өте аз.Сондықтан биыл жыл соңына дейін бүкіл дүние жүзінде халықты жаппай вакциналау үшін дамыған елдерде қайта вакциналауға мораторий енгізуге тура келеді.