Бүгін Қазақстан құрамасынан Татьяна Ахметова кілемге шықты, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасында 53 келіде бозкілемге шыққан Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласына жол берді. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, Польша спортшысы Роксана Марта Засинадан 3:2 есебімен жеңілді. Сондай-ақ балуан Юсуп Батырмурзаев Токио Олимпиадасын сәтсіз бастады. Аса ауыр салмақ бойынша сынға түскен ол алғашқы айналымда германиялық Геннадий Чудиновичтен жеңілді. Отандасымыз Юсуп Батырмурзаев әдіс жасап, 8 ұпай еншіледі. Алайда, германиялық Геннадий Чудинович қарсы әдіспен таза жеңіске жетіп, уақытынан бұрын қазақстандық балуанды ұтты.Бұған дейін бас бапкер Бақтияр Байсейітов балуандардың жеңілген себебін айтқан болатын.