«Бүгін жеңісті тартып алды» – бас бапкер Бақтияр Байсейітов төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты
«Бүгін жеңісті тартып алды» – бас бапкер Бақтияр Байсейітов төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты
Фото: Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
170
оқылды

Бүгін сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы айналымда германиялық қарсыласынан ұтылды. Белдесу аяқталғаннан кейін бас бапкер Бақтияр Байсейітов Olympic.kz сайтына төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты.

«Төрешілер тарапынан бағалау дұрыс болған жоқ. Өздеріңіз көргендей, әдіс жасалды. Тік тұрып, жартылай әдіс жасап лақтырды. Ереже бойынша толық жасалмаған әдіске екі ұпай берілуі керек. Олар, төрешілер мұны есептеген жоқ. Мен төрешілер шешіміне шағым түсіргенде (челлендж) белдесуді қайта қарап, шешімді өзгертпеді. Әдетте, шағым қанағаттандырылмаса, қарсыласқа бір ұпай беріледі. Бас төреші, төрешілер координаторының ұлты неміс. Осы жерден өздеріңіз қорытынды жасай беріңіздер болады. Бұл жерде бізден жеңісті тартып алды деп есептеймін», – дейді бас бапкер Бақтияр Байсейітов.

Нұрсұлтан Тұрсынов Токиода 87 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Екеуара кездесу 4:1 есебімен германиялық Денис Кудланың еншісіне берілді.