Токио – 2020: Сәкен Бибосынов жеңіліп қалды
Токио – 2020: Сәкен Бибосынов жеңіліп қалды
Фото: olympic.kz
233
оқылды

Боксшы Сәкен Бибосынов британдық Джалал Яфайдан жеңілді.

Бірінші раундта Сәкен Бибосынов нокдаун алып, қарсыласы басым болды. Соңғы екі раундта қазақстандық боксшы табандылық танытты. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен ұлыбританиялық боксшы Джалал Яфай жеңді деген шешім шығарды. Айта кетейік, боксшы бұған дейін жекпе-жегі оңай болмағанын айтқан еді. "Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раундат басымдық танытқаныммен, екінші раундта қателік жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды өзіме жақындатып алдым. Негізі, қарсыласым лас жұдырықтасады екен. Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып берді. Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес. Ұлыбританиялық боксшымен спаррингтік кездесулер өткізгем, бірақ әлі ресми түрде кездесегем. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз", - деген еді Бибосынов.