Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
197
оқылды
Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының екінші кездесуінде жеңілді, деп жазады Vesti.kz
55 кило салмақта өнер көрсететін отандасымыз екінші кездесуде австриялық Баттина Планқа қарсы жекпе-жек өткізіп, 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығу үшін біздің отандасымызға өз тобында бірінші не екінші орын алу керек. Бұған дейін Жаңбырбай бірінші кездесуінде мысырлық Радва Сайедті 7:2 есебімен ұтқан еді.