Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай украиналық қарсыласымен тең түсті
Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай украиналық қарсыласымен тең түсті
145
оқылды
Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Екінші кездесуінде Мөлдір украиналық Анжелика Терлюгамен кездесті. Алғашқы сәттерде қарсыласы бірден үш ұпай алып кетті. Одан кейін Мөлдір қайтадан таразы басын теңестірді. Жекпе-жек 4:4 есебімен тең аяқталды. Анжелика Терлюга 1992 жылдың 27 мамырында дүниеге келген. Бүгінге дейін Еуропа чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алған. Сондай-ақ, еуропалық ойындарда күміс жүлдегер атанды. Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед. Мөлдір алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе, одан кейін австриялық Беттина Планкқа есе жіберді.