Оралда балабақша өртенді
Оралда балабақша өртенді
Фото: mgorod.kz
Оралда балабақша өртеніп, бір адамды күйік шалған, – деп жазады mgorod.kz. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тимофеева, 22 мекенжайындағы «Айлин 3» балабақшасындағы өрт 17.01-де басталған. Өрт сөндірушілер келген кезде шамамен 350 шаршы метр аумақты құрайтын 3 қабатты үйдің шатыры өртеніп жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге 32 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылған. Орал қаласы ТЖ бастығының орынбасары Ерлан Айтқалиевтің айтуынша, қазір балабақша жөндеуге жабық, онда балалар болмаған.
«Өкінішке орай, жәбірленуші бар, ол шатырды жөндеп жатқан жұмысшы. Өрттің себебі анықталуда», – деп қосты Айтқалиев. БҚО денсаулық сақтау басқармасы өрттен 48 жастағы ер адамның зардап шеккенін айтты. Ол екі аяғынан 1-2 дәрежелі термиялық күйік алған.
https://www.youtube.com/watch?v=A1W7__S7wKE&feature=emb_title