"Нокдаун болды ма?": Бақыт Сәрсекбаев Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы жекпе-жегіне қатысты ойын айтты
"Нокдаун болды ма?": Бақыт Сәрсекбаев Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы жекпе-жегіне қатысты ойын айтты
Фото: stan.kz
276
оқылды
Бокстан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев LifeSport KZ YouТube-арнасына берген сұхбатында Токио Олимпиадасының жартылай финалындағы қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов пен ұлыбританиялық Джалал Яфай жекпе-жегі, қазақстандық спортшының нокдаун алғаны туралы айтты.
«Мұнда, әрине оның соққыны қалай жіберіп алғаны анық көрінді. Әрине, рингтегі төреші нокдаун есептеді. Мен мұны қатты соққы болды деп айта алмаймын, Сәкен теңселген жоқ. Олимпиадада бокс төрешісі жауапсыз нақты соққы болған кезде оны есепке алуға құқылы — бұл нокдаун дегенді білдіреді. Сондықтан ол бірнеше соққы, нокдаун алды және қалпына келе алмады. Осыдан кейін Сәкен сәл кешігіп қалды, оның екпінді соққысы болмады», – деді Бақыт Сәрсекбаев.