Токио-2020: Валентина Исламова эквадорлық қарсыласынан жеңілді
Токио-2020: Валентина Исламова эквадорлық қарсыласынан жеңілді
Фото: olympic.kz
141
оқылды
Токиодағы Олимпиада ойындарында әйелдер күресі бойынша белдесулер жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Olympic.kz. Бүгін Токио бозкілеміне 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар белдесіп жатыр. Аталған санат бойынша ел сапынан Валентина Исламова кілемге шықты. Жарыстың бірінші айналымында ол эквадорлық Лусии Ямили Йепес Гусманимен кездесті. Белдесу 6:9 есебімен Валентинаның қарсыласының еншісіне шешілді. Айта кетерлігі, эквадорлық Гусмани финалға шыққан жағдайда Қазақстан балуаны Валентина жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.