Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталды, — деп хабарлайды Olympic.kz.
Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Алина Әділханова қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 83.800 ұпай жинап, 21-орынға тұрақтады.
Бұл нәтиже финалға өту үшін жеткіліксіз.
Әзірге бірінші және екінші орынды ресейліктер Дина мен Арина Авериналар өзара бөліскен. Үшінші орында израильдік Ашрам Линов орналасқан.
Финалдық кезеңге алғашқы ондыққа енген спортшылар жолдама алады.
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК