Жаңалықтар Спорт Токио-2020: 7 тамызда кімдер жарыс жолына шығады? Токио-2020: 7 тамызда кімдер жарыс жолына шығады? Фото: inbusiness.kz Бағлан Бекназар 06/08/2021 15:14 282 оқылды 7 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасының бес спорт түрінен сынға түседі. Ертең балуан Дәулет Ниязбеков жұбаныш жекпе-жегін өткізеді. Сондай-ақ, каратэші Данияр Юлдашев жарыс жолына шығады. 7 тамыздағы сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен): Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер. Финал 03:00. Жанна Мамажанова Каратэ. Әйелдер, +61 келі. Іріктеу 11:00. Софья Берульцева Каратэ. Ерлер, +75 келі. Іріктеу 11:00. Данияр Юлдашев Заманауи бессайыс. Ерлер 11:42. Павел Ильяшенко Велотрек. Кейрин. Ерлер. Іріктеу 12:48. Сергей Пономарев Еркін күрес. Ерлер, 65 келі. Жұбаныш жекпе-жегі 15:45. Дәулет Ниязбеков.