Экология мәселесі қаралды
Экология мәселесі қаралды
307
оқылды

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау об­лыстық филиалы жанындағы Экологиялық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Отырысқа кеңес мүшелері, Маңғыстау облысы Табиғи ре­сурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Д.Еңсеген, Маңғыстау об­лысы бойынша Экология депар­таменті басшының орынбасары С.Хансейтов, Экологиялық қоғам­дық кеңесі отырысының жетекшісі Ә.Қозыбақов онлайн және оф­флайн форматта қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қа­ралды: рұқсат етілмеген үйінділерді жою және үйінділердің пайда болу мүмкіндігін азайту жөніндегі ша­раларды күшейту және барлық ауыл­дарда қоқыс жинау және құра­мында сынап бар қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орнату. – 2020 жылы ғарыштық мо­ниторинг нәтижесінде Маңғыстау облысы бойынша 148 рұқсатсыз орналастырылған қалдық орны анықталып, 129 нүктесі жойылды, 11 нүктесі жабылған тұрмыстық қат­ты қалдық полигонының ау­мағы екені белгілі болды. 2021 жыл­дың басында анықталған 141 рұқ­сатсыз орналастырылған қал­дық орнынан 108 нүкте жойыл­ды. 2021 жылдың II жартыжылды­ғында тағы да 103 рұқсатсыз орна­ластырылған қалдық орны анық­талып, бір ай мерзімде жою тап­сырылды. Жойылғаны – 6 нүкте, – деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Д.Еңсеген. Динара Еңсегеннің айтуынша, осы жылы қоқыс орындарын жою барысында Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынуы не­гізінде Экология департаментімен 6 жауапты лауазымды тұлға мен 56 жеке тұлға әкімшілік жауапкер­шілікке тартылған. Облыста санитарлық талап­тар­ға сәйкес келетін жобамен са­лын­ған 7 тұрмыстық қатты қалдықты (бұдан әрі – ТҚҚ) көму полигоны бар. Олар Жаңаөзен, Форт-Шев­чен­ко қалаларында және Мұнайлы ау­данының Баянды ауылында, Қарақия ауданының Жетібай, Құрық ауылдарында, Бейнеу ауда­нының Бейнеу ауылында, Маң­ғыс­тау ауданының Шетпе ауы­лын­да орналасқан. Ақтау қаласының әкімдігі 2021-2025 жылдары Ақтау қаласының өсуіне және қолданыс­та­ғы контейнерлердің тозуына бай­ланысты қосымша 25 дана кон­тейнер сатып алуды жоспарлап отыр.

Әбілмансұр ЖАСАН