Қылқалам ұшындағы құдірет
Қылқалам ұшындағы құдірет

Ұлттық музейде Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің көшпелі көрмесі ашылды.

«Қылқалам ұшындағы құ­дірет» атты көрмеге аталған му­зей қорындағы отандық көрнекті қылқалам шеберлерінің 70-ке жуық заманауи өнер туындысы қойылған. «Көрмедегі туындылардың дені Отанға, туған жерге және ұлттық дәстүрді дәріптеуге арналған. Және мұнда біздің өңірде ғана емес, елімізге кеңі­нен танымал қылқалам шебер­лерінің туындысы қойылған. Әр туындының өзіндік тарихы бар. Дегенмен бірнеше жұмысты ерек­ше атап өткім келеді. Ол Махам­бет Өтемісұлына арнал­ған, ауыл тіршілігінен хабар бере­тін және құрақ көрпе бейне­ленген туындының орны ерек­ше», – деді Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркем­сурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры Төле­ген Орынбасарұлы. Ұлттық музейде ашылған  көш­пелі көрмені елорда тұрғын­дары 30 тамызға дейін тамашалай алады.

                А.АЙДАРҚЫЗЫ