Ұлттық музейде Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің көшпелі көрмесі ашылды.
«Қылқалам ұшындағы құдірет» атты көрмеге аталған музей қорындағы отандық көрнекті қылқалам шеберлерінің 70-ке жуық заманауи өнер туындысы қойылған. «Көрмедегі туындылардың дені Отанға, туған жерге және ұлттық дәстүрді дәріптеуге арналған. Және мұнда біздің өңірде ғана емес, елімізге кеңінен танымал қылқалам шеберлерінің туындысы қойылған. Әр туындының өзіндік тарихы бар. Дегенмен бірнеше жұмысты ерекше атап өткім келеді. Ол Махамбет Өтемісұлына арналған, ауыл тіршілігінен хабар беретін және құрақ көрпе бейнеленген туындының орны ерекше», – деді Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы. Ұлттық музейде ашылған көшпелі көрмені елорда тұрғындары 30 тамызға дейін тамашалай алады.А.АЙДАРҚЫЗЫ