Токиода бокстан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды. Олимпиаданың қола медалін мойнына таққаннан кейін спортшы әсерімен бөлісті.
[caption id="attachment_155040" align="alignnone" width="300"] Сурет: Владислав Семёнов, Қазақстан ҰОК[/caption]
"Арманым көк байрағымызды көкке желбірету еді. Сол үшін де бар күшімді салдым. Негізі, алтын медаль аламын деп ойладым, бірақ, бұйырғаны қола медаль болды. Кішкене өкініш бар, десе де осы жарыс менің ерік-жігерімді қамшылай түсті. Келесі жарыстарда елімнің маған артқан сенімін ақтаймын деген ойдамын", - дейді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов.