Токио Олимпиадасында каратэден соңғы жарыс күні өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы сынға түсуде. Олар – Софья Берульцева мен Данияр Юлдашев.
Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсуде.
Алғашқы кезеңде Данияр Юлдашев германиялық Йонатан Хорнемен кездесіп, 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша, алғашқы бір ұпайын еншіледі.
Келесі кездесуін Юлдашев жапониялық каратэшіге қарсы өткізеді.