Токио Олимпиадасының қола жүлдегері жеңісін ұстазына арнады
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері жеңісін ұстазына арнады
Фото: olympic.kz
184
оқылды
Бүгін, 7 тамыз күні қазақстандық каратэші Софья Берульцева Олимпиада ойдындарынан ел қоржынына қола жүлдені салды. 20 жасар спортшы топтық кезеңде үздік атанып, уақытынан бұрын жартылай финалға жолдама алды. Алайда жартылай финалда египеттік Ферьял Абделазизге 5:4 есебімен жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты, — деп жазады olympic.kz. Жарыстан кейін журналистерге берген сұхбатында спортшы әсерімен бөлісіп, көзіне жас алды. [caption id="attachment_155092" align="alignnone" width="1024"]Олимпиада Фото: olympic.kz[/caption]
«Әрине, қуаныштымын. Бірақ финалға шығуға болатын еді. Барымды салдым. Кішкене жетпей қалды... Финалға кішкене жетпей қалғанда өкініштен көзіме жас келді. Бүгінгі қарсыластарымның ешқайсысымен осы уақытқа дейін жарыста кездескен емеспін.   Жартылай финалда бір-екі соққы алғаннан кейін кішкене тапырақтап қалдым. Бұл жерде төрешіні де, ешкімді кінәлай алмайсың. Бәрі әділ өтті. Нәтижесі осы», – дейді.
Софья Берульцева каратэден Олимпиада ойындарында әйелдер арасында  жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде ел спортының тарихына енді. 20 жасар жанкешті Софья бүгінгі жүлдесін марқұм ұстазы Жасталап Санауовқа арнады. Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған ол 2020 жылдың 31 желтоқсанында мезгілсіз дүниеден өтті.