"Барселона" президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы болатынын ресми түрде растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алтын доптың" алты дүркін иегері аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы болады, – деп мәлімдеді Испанияның "Барселона" футбол клубының президенті Жоан Лапорта. Бейсенбіде "Барселона" Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген болатын, ол еркін агент болды."Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Месси ПСЖ-ге ауысады", – деп жазды Tuttomercatoweb Лапортаға сілтеме жасап."Камп Ноу" стадионында болған баспасөз мәслихатында Лионель Месси көз жасын ұстай алмады.