Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан. Түркістан облысының тұрғыны қауіпсіздік ережесін бұзып, рөлді басқара алмай қалған.
- 40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.