Финалда есінен танып қалған ирандық каратэші есін жинағанда Олимпиада чемпионы атанғанын білді
Финалда есінен танып қалған ирандық каратэші есін жинағанда Олимпиада чемпионы атанғанын білді
Фото: Reuters
281
оқылды
Ирандық каратэші Саджад Ганджзаде Олимпиаданың финалында нокаут алып, есін жинағанда чемпион атанғанын естіді,  деп хабарлайды Vesti.kz 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшының финалдағы қарсыласы Сауд Арабиясының өкілі Тарек Хамеди болды. Жекпе-жек 4:1 есебімен аяқталды. Сонымен қатар Хамедидің ирандықты нокаутқа түсіргені белгілі. Талып қалған Саджад Ганджзадені қызметкерлер оттегі маскасын кигізіп, зембілмен татамиден алып кеткен. Алайда, жеңіс  Сауд Арабиясының спортшысына емес, ирандық каратэшіге берілген. Төрешілердің пікірінше, Хамеди қарсыласына тыйым салынған соққы жасаған. Осылайша, есінен танып, зембілде жатқан Саджад Ганджзаде Токио Олимпиадасының чемпионы атанды.