Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "қою қызыл" аймақтарда сауда-ойын-сауық орталықтары 9 тамыздан бастап қандай режиммен жұмыс істейтінін хабарлады.
Олардың мәліметінше, "қою қызыл" аймақтарда 9 тамыздан бастап "Ashyq" мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жүйесіндегі басқа нысандарға сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат беріліп отыр. Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысында Ashyq жүйесіндегі сауда-ойын-сауық орталықтары "жасыл" және "сары" аймақтарда шектеусіз жұмыс режиміне жіберсе, "қызыл" аймақтарда сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берген. Сонда "қою қызыл" аймақта сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсететіні айтылған. Енді осы шешімге байланысты аталған нысандардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзарып отыр.