Көкшетауда ірі сауда орталығындағы дәмхана өртенді
Көкшетауда ірі сауда орталығындағы дәмхана өртенді
118
оқылды

Көкшетауда «Алтын ғасыр» сауда үйінде орналасқан «Absheron» дәмханасы өртке оранды.

Оқиға бүгін күндізгі төрттер шамасында болған. 16.25-те «101» шұғыл басқару пультіне телефон шалған адам «Absheron» дәмханасында өрт тұтанғанын хабарлаған. Көкшетау «Оқиға орнына бірден жеке құрамның 17 сарбазы мен 4 техника аттанды. Барған кезде өрт дәмхананың шатырын шарпып, 12 шаршы метр аумақтың өртке оранғаны анықталды. Дереу жүргізілген әрекет нәтижесінде өрт 16.38-де ауыздықталып, 16.50-де толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер болған жоқ. Аталған факт бойынша өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - дейді Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов. Көкшетау Төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігі ережелерін тағы бір мәрте еске салды. «Өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» құтқару қызметі телефондарына қоңырау шалыңыздар», - деп толықтырды Төтенше жағдайлар департаментінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы