Қазақстан және Өзбекстан спортшыларына қандай көлік сыйлады?
Қазақстан және Өзбекстан спортшыларына қандай көлік сыйлады?
Фото: tengrinews.kz
410
оқылды
Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар қошеметпен қарсы алып, әуежайда Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне "Mercedes" автокөлігін сыйға тартқан болатын. https://www.youtube.com/watch?time_continue=24&v=QJX-HDzVgPU&feature=emb_title

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға Toyota Camry көлігін сыйласа, бокстан Олимпиданың қола жүлдегері Сәкен Бибосыновқа әуежайда жаңа Toyota Camry 75 көлігінің кілті табысталды.

 width= Ал, Олимпиадада еркін күрестен қола жүлдені жеңіп алған Нұрислам Санаевқа жаңа BMW маркалы көлігінің кілті Алматы әуежайында табысталды. Спортшыны жақындары, таныстары және достары қарсы алған болатын. Елімізде жүлдегерлер мен чемпиондар бонустардың мөлшері мынадай: • алтын – 250 мың доллар, • күміс – 150 мың, • қола – 75 мың.   Өзбекстанда жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне дайындалуда UzNews өзбек спортшыларына қандай көлік сыйға тартылатынын анықтады. Басылым мәліметінше, 2020 жылғы Олимпиада чемпиондарына Chevrolet Tahoe автокөліктері, ал қола жүлдегерлеріне Trailblazer көлігі дайындалған.  width= Өзбекстанда Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйақы алады:
  • алтын медаль үшін 200 мың доллар;
  • "күміс" үшін 100 мың доллар;
  • "қола" үшін 50 мың доллар.
Токио Олимпиадасында Өзбекстан үш "алтын" және екі "қола" жеңіп алып, медальдар есебінде 32-орынға тұрақтады. Қазақстан 8 қола медаль алып, медальдар есебінде 83-ші болды.