Қария 12 жастағы қызды зорламақ болған
Қария 12 жастағы қызды зорламақ болған
222
оқылды

Түркістан облысында 12 жастағы қызға зорлық жасамақ болған 60 жастағы ер адам анық­талды. Өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі балаға зорлық жасады деген күдікпен 1961 жылы туған азаматтың ұсталғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары оны Түркістандағы базар маңында ұстаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізу процесі басталып кеткен. Тәртіп сақшылары басқа мәліметтерді жария етпеді. Алайда Instagram-дағы dudoser тобында dobryaki_shymkenta еріктілері оның 12 жасар қызды зорлауға тырысқаны туралы жазған екен.

М.ТӨЛЕУ