ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамыз күні сағат 07:37 шамасында шаһардағы ЖШС-лардың бірінде өрт шыққаны жайлы хабар түскен.
Белгілі болғандай, металл өңдейтін цех өртке оранған.Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарының апаттық режимінен немесе өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болуы мүмкін.«Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде киім ауыстыратын бөлмедегі ағаш шкафтар жанып жатты. Сондай-ақ, цехтың ішін түтін тұмшалап алған. Өрт сөндірушілер көп ұзамай 30 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.