Павлодарда қалыңдық пен күйеу жігіт той үстінде қашып кетті
Павлодарда қалыңдық пен күйеу жігіт той үстінде қашып кетті
236
оқылды
Павлодарда қалыңдық мониторинг тобының мүшелерін көріп, өз тойынан қашып кетті. Бұл жағдай камераға түсіп қалған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды. Өткен демалыс күндері Павлодарда 11 заңбұзушылық жағдайы анықталды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, мониторинг тобының мүшелері 6 тамыз күні сағат 20.00-де Хайдаров көшесіндегі тойханада іс-шара болып жатқанын анықтады, шараға 30-ға жуық адам қатысқан. Жауапкершіліктен және айыппұлдан қорыққан қонақтар тексерушілерді көріп жан-жаққа қаша жөнелді, қашқандардың арасында қалыңдық пен күйеу жігіт те бар. Ұзын ақ көйлегімен қашқан қалыңдық ақыры қолға түсті. Тәртіп бұзғандардың барлығы полицияға жеткізілді, олардың жеке басы анықталды.
"Бұл факт бойынша материалдар жиналып, әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Үйлену тойына қатысушылардың әрқайсысы 30 АЕК (87 510 теңге), ал мекеменің иесі 230 АЕК (670 910 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс", – деді Павлодар қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Каптаев.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)