Атырауда әйелді тонау сәті бейнекамераға түсіп қалды
Атырауда әйелді тонау сәті бейнекамераға түсіп қалды
185
оқылды
Атырауда әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлады Polisia.kz. Атырауда 26 жастағы ер адам 45 жастағы әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алып, ұялы телефонын сындырған. Әйел адамның сөмкесінде 60 мың теңге ақша болған. Полиция тергеу барысында 45 жастағы әйел адам мен күдікті бір-бірін танымаса да, Вокзал маңы ықшамауданынан Нұрсая ықшамауданына бірігіп, такси жалдап келгенін анықтады. Сөмкеде ақша барын байқаған күдікті әйел адаммен қатарласып түсіп, тонап, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда полиция қызметкерлері қылмыскерді ізін суытпай анықтап, ұстады. Сондай-ақ 26 жастағы күдікті әйел адамды жерге жығып, күштеп сөмкесін тартып алған сәті сол жердегі мейрамханалардың бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.