Қазақстан мектептерінде «Әліппе» қайта оқытылады
Қазақстан мектептерінде «Әліппе» қайта оқытылады
© inform.kz
234
оқылды
«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары Қазақстан мектептеріне қайта оралып жатыр. Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында оқулықтарды таныстырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру қажет. «Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы. «Әліппе» оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.