Теміртауда тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды
Теміртауда тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды
Фото: inbusiness.kz
120
оқылды
Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тамыз айының 8-нен 9-на қараған түні Ескіқалалық полиция бөліміне орталық ауруханаға әртүрлі дене жарақатымен 27 жастағы қала тұрғыны түскені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері оқиға сөзге келіспеушілік салдарынан болғанын және травматикалық қару қолданылғанын анықтады. Аталған факті бойынша Теміртау қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамына нұсқама берілді.
– Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. 20 мен 37 жас аралығындағы төрт күдікті ұсталды. Полиция қызметкерлері бұзақылық әрекетті бастаған 30 жастағы ер адамды анықтады. Ол қаладағы үйлердің ауласында жәбірленушімен сөзге келіспей қалып, травматикалық қарумен оқ атқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қару тәркіленді, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.