Василий Жиров Қазақстан боксшылары Токиода не үшін сәтсіз өнер көрсеткенін айтты
Василий Жиров Қазақстан боксшылары Токиода не үшін сәтсіз өнер көрсеткенін айтты
Фото: instagram @vasiliy_zhirov
261
оқылды
Белгілі қазақстандық боксшы Василий Жиров Lifesport KZ YouТube-арнасына сұхбат беріп, Токио Олимпиадасында әріптестерінің сәтсіз өнер көрсетуіне қатысты пікірін білдірді.
– Боксшыларымыздағы ең үлкен мәселе - дем жетіспегенінде деп ойлаймын. Құмарлық жоқ. Боксшылардың робот сияқты жұдырықтасқанын  байқадым. Олар  ойынның қалпын таба білуі қажет. Егер бұлар болмаса, спортшыларға медаль жеңіп алу өте қиынға соғады. Жігіттер іштей жақсы ниетте болып, жанып тұрса деймін. Көбірек жекпе-жек өткізу керек, сезімің күшті болуы керек.  Бұл біздің боксшылар үшін жақсы сабақ болды және келесі жолы олар қолдан келгенін аянып қалмайды деген үміттемін, – деді Жиров.