Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмып, тағы 3-еуі ауруханаға түсті
Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмып, тағы 3-еуі ауруханаға түсті
126
оқылды
Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, тағы 3 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Жол апаты 9 тамызда сағат 12:10-да «Нұр-Сұлтан - Петропавл» автожолының 179 шақырымында болған.
«Анықталғандай, Нұр-Сұлтан қаласының 43 жастағы тұрғыны басқарған Skoda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, бір бағытта жүріп келе жатқан ZAZ Chance көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ZAZ Chance көлігіндегі 24, 27 және 29 жастағы үш жолаушы (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары) оқиға орнында көз жұмды. Ал, осы көліктің 23 жастағы жүргізушісі мен Skoda автокөлігінің 18 және 19 жастағы жолаушылары Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылды», - деді ведомстводан.
Қазіргі кезде Skoda маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.