"Қазгидромет" РМК-сы Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.
12 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды, Солтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыс, солтүстіктен соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді, арты шаңды дауылға ұласады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с болады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодарда найзағай ойнап, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерінде күші 18 м/с болады. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Қостанайда күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 12 тамыз күні күндіз 37 градус ыстық болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Петропавлда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді.