Павлодар қаласында жансақтау бөліміне түскен әйел вакцинация паспортын сатып алғанын айтты. Қазір коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылған пациенттің жағдайы ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – деп хабарлайды өңірлік денсаулық сақтау басқармасы. Ведомствоның мәліметінше, 60 жастан асқан пациент Павлодар қаласында тұрады. Ол дәрігерлерге жалған вакцинация паспортын облыс аумағынан тыс жерде жасатқанын айтқан.
"Жалған паспорт алған. Өзі айтты және оның туыстары да жалған паспорт сатып алғанын мойындады. Ауру жұқтырған. Қазіргі уақытта науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, ауруы ауыр өтуде", – дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов.Ведомствоның мәліметінше, бүгінде өңірде 115 адам жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Тамыз айының басынан бері коронавирус жұқтырған созылмалы аурулары бар 47 науқас көз жұмған. Бұған дейін Қазақстанның 5 қаласында жалған вакцина паспортын сатып алған 37 адам ұсталғанын жазған болатынбыз.