Алматыда жолаушылар автобусының антифриз құбыры жарылып, жолаушыларға шашыраған
Алматыда жолаушылар автобусының антифриз құбыры жарылып, жолаушыларға шашыраған
119
оқылды
Алматы қаласында жолаушылар автобусының антифриз құбыры жарылып, іштегі жолаушыларға шашыраған. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиға шынымен де болғанын растады.
«Бір науқас № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің денесінің 3 пайызын күйік шалған. Оған дәрігерлер тарапынан алғашқы көмек көрсетіліп, ем тағайындалды. Әрі қарай оның жағдайын тұрғылықты жері бойынша тиісті емхана бақылайды. Екінші науқас ауруханаға жатудан бас тартты», – деп мәлім етті басқармадағылар.
Ақау шыққан автобус «Алматыэлектротранс» тасымалдаушы компаниясына тиесілі болып шықты.