Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Қоғамдық кеңес отырысы өтті
144
оқылды

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы онлайн форматта өтті.

Отырыста облыстық сай­лауал­ды бағдарламаның «Білім беру сапасын жақсарту» бағыты бойы­нша ІІІ тоқсанда атқарыл­ған жұмыстары туралы Маңғыс­тау облыстық Білім басқарма­сы­ның басшысы С.Төлебаеваның есе­бі тыңдалды. – Жаңа оқу жылында облыс бойы­н­ша 530 білім беру нысаны жұ­мысын бастайды. Олар – 324 ба­лабақша, 143 жалпы орта білім беретін күндізгі мектеп, 15 же­ке­мен­шік мектеп, 5 кешкі мектеп, 16 арнайы білім беру ұйымдары, 27 колледж. Осы жылы ашылады деп жоспарланған 1 490 орындық 19 балабақшаның 16-ы ашылды, 3-6 жастағы балаларды балабақ­шамен қамту – 100%, 2-6 жасты қамту – 67,6%. Балабақ­шаларға жол­дама беру жұмысын оңтай­лан­дыру үшін биыл мамыр айы­нан бастап Цифрлық даму бас­қар­масымен бірлікте арнайы ақ­параттық жүйе енгізу жұ­мыс­тарын бастадық. Қыркүйек айы­ның басында іске қосылады, – де­ді С.Төлебаева. Оның айтуынша, жаңа оқу жы­лында облыс мектептеріне 166 мыңға жуық оқушы келеді деп кү­тілуде, былтырғы жылмен са­лыстырғанда оқушы контингенті 8 мыңға артық болуы мүмкін. 2021 жылы 1 сәуірден 1 тамызға дейін 1-сыныпқа қабылдау жүр­гі­зілді. Дегенмен дәлелді себеп­тер­мен кеш қалған балалардың құжаттары әлі де қабылданады. Мектептерде санитарлық-эпи­демиологиялық талапты сақ­тау мақсатында ішкі қаражаттан 108 млн теңге қаржыға дезин­фек­циялық құралдар сатып алын­ды. Барлық білім беру ұйым­­­дарына Ashyq бағдарламасы ен­гізілді. Осы оқу жылында мектеп­тер­де 15 395 мұғалім қызмет етеді деп кү­тілуде. Зейнет жасындағы 375 пе­дагог бар. Жаңа оқу жылында 644 жас маман мектепке орна­ла­сады, қабылдау жұмыстары жүр­гі­зілуде. 119 орыс тілі мен әде­бие­ті пәні мұғалімдеріне қажеттілік бар. Осы ретте өңірдегі педагог ма­­ман­дар даярлайтын 7 колледж­ді биыл 60, Есенов университетін 24, облыс әкімінің грантымен бас­қа қалада оқитын 1 орыс тілі әде­биеті пәні мұғалімі келіп, 85 кадр тапшылығы өтеледі. Қалған 34 кадр тапшылығы зейнет жа­сындағы мұғалімдер есебінен және басқа мұғалімдерге қосым­ша жүктеме беру арқылы уақыт­ша шешілетін болады. Басқа өңір­ден маман тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл 3 маман келеді. Келген мамандарға тұрғын үй мә­селесі қарастырылған. Бүгінде мектептердегі вак­цина алуға қарсы көрсеткіші жоқ 10 943 педагогтің 75,2%-ы, кіші қызметкерлердің 52,6 %-ы екпе алды. Бұл бағыттағы жұмыс жал­ғасуда, қыркүйекке дейін барлық мұғалім вакцина салды. қоғамдық кеңес Мемлекеттік білім беру тап­сыры­сы бойынша техникалық жә­не кәсіптік білім алған түлек­тер­ді оқу орындарын аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу көр­сеткіші туралы С.Төлебаева: – Облыстағы 27 колледждің жал­­пы контингенті 19 723 сту­дент­ті құрайды. Биыл 1-курсқа 6 445 студент қабылданады. Оның ішін­де мемлекеттік тапсырыспен қа­былданатыны – 4 631 студент, «Ең­бек» бағдарламасы бойынша – 1 131 студент. 2021 жылы техни­ка­лық және кәсіптік білім беру ұйым­дарында бітіруші түлек саны – 4 408, оның ішінде мем­ле­­­­кеттік тапсырыс бойынша – 3 289 адам. Жұмыспен қамтыл­ған­дар және өзін-өзі жұмыспен қам­ты­ғандар­мен бірге – 3 173 адам. Мемл­екет­тік тапсырыс бойынша жұмыспен қамтылғандар және өзін-өзі жұ­мыс­пен қам­тыған­дар­мен бірге – 2 212, жоғары оқу ор­­нында білі­мін жалғастыруға ниет білдіргендер саны – 428 адам, – деді. Келесі «Білім беру сапасын жақ­сарту» бағытының 112, 113, 114-тармақтары бойынша ІІІ тоқ­санда атқарылған жұмыстар тура­лы Маңғыстау облыстық Құры­лыс, сәулет және қала құ­ры­лысы басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары А.Манкешова­ның есебі тыңдалды. Жалпы, «Nur Otan» партиясының 2025 жыл­ға дейінгі сайлауалды бағ­дарламасы аясында Маңғыстау об­лысында 26 мектептің құры­лы­сы жоспарланған. Соның ішінде 2021 жылы – 4 мектеп; 2022 жы­лы – 7 мектеп; 2023, 2024, 2025 жыл­дары – 5 мектептен. – Биыл Маңғыстау облы­сын­да 4 мектептің құрылысын аяқтау жос­парлануда. Олар – Ақтау қа­ласының Шығыс-1 тұрғын ала­бындағы 300 орындық жалпы білім беру мектебінің құрылысы, Ақтау қаласының 32А шағы­нау­данындағы №29 орта мектепке 300 орынға арналған жапсаржай құ­рылысы, Бейнеу ауданы Бей­неу ауылында Күйкен атындағы орта мектепке бөлек тұратын оқу корпусының құрылысы, Өмірзақ ауы­лындағы №27 мектеп жап­саржайын қайта құру. Шығыс-1 тұр­ғын алабындағы мектеп құры­лысы биыл тамыз айында толық­тай аяқталып, пайдалануға бері­леді. Сондай-ақ 32А шағынау­дан­дағы мектеп жапсаржайының құрылысы басталды, желтоқсан айында аяқталатын болады, – де­ді А.Манкешова. Сонымен қатар басқарма бас­шысы жаңадан салынатын және күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізілетін мектептер құрылысының са­пасына да тоқталып өтті.

А.ЖАСАНҰЛЫ